Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 12 қарашадағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының ділет министрлігінде 2024 жылғы 13 қарашада № 35367 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Б. Омарбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 12 қарашадағы
№ 101 бұйрығына қосымша/
бұйрығымен бекітілген/
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
3, 6 және 9-нысандар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:
«7. Компанияның даму жоспары даму жоспарына қажетті негіздемелерді, стратегиялық картаны, схемаларды, кестелерді, даму жоспарында көзделген компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне нысаналы мәндер бойынша есептеулерді қамтитын қосымшаларды қамтиды.
Компанияның стратегиялық картасы компания қызметінің түйінді көрсеткіштерімен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттардың көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтиды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Полная версия
ИС BestProfi