БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 811 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
1 «Кеден төлемдерi» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Кедендік төлемдер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1 «Ағымдағы шығындар» санатта:
1 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару» кіші сыныбында:
«131 Техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу»;
135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«135 Техникалық персонал және келісімшарттық қызметшілер бойынша жұмыс берушілердің жарналары»;
136 «Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтiк жол жүрулері» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«136 Техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтiк жол жүрулері»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару» кіші сыныбында:
жол
«
|
|
131 |
Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу |
Техникалық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді, тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты бойынша қабылданған қызметкерлерге ақшалай төлемдер, сондай-ақ жеке тұлғалардан алынатын табыс салықтары, міндетті зейнетақы жарналары және төлемдерге есептелетін басқа жалақыдан ұстаулар. |
|
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
131 |
Техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу |
Техникалық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді, тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек шарты бойынша қабылданған қызметкерлерге ақшалай төлемдер, сондай-ақ жеке тұлғалардан алынатын табыс салықтары, міндетті зейнетақы жарналары және төлемдерге есептелетін басқа жалақыдан ұстаулар. |
|
»;
жол
«
|
|
135 |
Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары |
Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салық бойынша бюджетке жүргізетін аударымдар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар төлеу. Осы ерекшелік бойынша сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл көрсетіледі. |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін аударымдар. |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
135 |
Техникалық персонал және келісімшарттық қызметшілер бойынша жұмыс берушілердің жарналары |
Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салық бойынша бюджетке жүргізетін аударымдар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар төлеу. Осы ерекшелік бойынша сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл көрсетіледі. |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін аударымдар. |
»;
жол
«
|
|
136 |
Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтiк жол жүрулері |
Техникалық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді, тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты бойынша қабылданған қызметкерлердің Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарларға арналған шығындар. |
Іссапарда болған уақытына тәуліктік; баратын жеріне және кері қайтуға жол жүру бойынша шығыстар; тұрғын үй-жай жалдау бойынша шығыстар; заңнамада белгіленген басқа да шығындар. |
»
мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
136 |
Техникалық персоналдың және келісімшарттық қызметшілердің ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтiк жол жүрулері |
Техникалық қызметті көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді, тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес еңбек шарты бойынша қабылданған қызметкерлердің Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарларға арналған шығындар |
Іссапарда болған уақытына тәуліктік; баратын жеріне және кері қайтуға жол жүру бойынша шығыстар; тұрғын үй-жай жалдау бойынша шығыстар; заңнамада белгіленген басқа да шығындар. |
».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 150 Бұйрығымен (09.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев

