Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.04.2025
Құрылыс ресурстары классификаторын бекіту туралы (Ред. 17) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2025 жылғы 12 наурыздағы №44-НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 09.04.2025 жылғы № 61-НҚ Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ресурстары Классификаторы бекітілсін (Ред. 17).
2. «Құрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы (Ред. 16)» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының 2025 жылғы 13 ақпандағы №28-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Б. Жүнісбеков
Полная версия

