Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 18 наурыздағы № 175-VIII
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 311-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2025 жылғы 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі: 
1. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-3) тармақшамен толықтырылсын:
«21-3) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау – суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауға және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған іздестіру жұмыстарының кешені;»;
2) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 28-7), 28-8) және 28-9) тармақшалармен толықтырылсын:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және оны бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-9) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізуді және оны бағалауды ұйымдастырады;»;
3) 95-баптың 7-тармағындағы «жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттiк мекемелер жүргiзедi» деген сөздер «жай-күйіне мониторинг және оны бағалау бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 135-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «қаржыландыру болып табылады.» деген сөздер «қаржыландыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
7-2) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау болып табылады;».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
3-баптың 6) тармағындағы «шақыру бойынша не келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ запастағы азаматтар жиындардан өтуi кезiнде» деген сөздер «әскери қызметшiлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
Полная версия
ИС BestProfi