Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23983 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 11.03.2026 жылғы № 92 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.02.2026 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі 
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 437 бұйрығымен
бекітілген
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 03.04.2025 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес (12.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.02.2026 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) не «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.02.2026 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi