Ескерту. 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36238 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 85-бабы 2-тармағына, Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу Қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 85-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын белгілеу тәртiбiн айқындайды.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жерүсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулері белгiленедi.
3. Судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау үшін арнайы шаруашылық қызмет режимі белгіленетін су объектiлерiне іргелес аумақ су қорғау аймағы болып табылады.
4. Су қорғау аймақтарындағы шаруашылық қызметтің арнаулы режиміне қосымша шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленетін, су объектілеріне жанасып жатқан су қорғау аймағының бір бөлігі.
Су объектісінің жағалау жиегінен бес жүз метр шегінде орналасқан жер учаскелерін беру ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының жерлерін, балық өсіру шаруашылықтарын орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоспағанда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары айқындалғаннан, сондай-ақ олардың шаруашылық пайдаланылу режимі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылады.
Полная версия

