Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36251 болып тіркелді
Ескерту. 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1. «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген);
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 228 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21230 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 116-НҚ Бұйрығымен бекітілген
Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесі
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу (бұдан әрі-үлестік нормалар) су ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану мақсатында, су пайдаланушылар су ысырабын азайту және арнаулы су пайдалануға одан әрі рұқсат алу үшін бес жылдық мерзімге су тұтыну мен су бұру көлемін негіздеу үшін жүзеге асырылады.
2-бөлім. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу
1-параграф. Үлестік нормаларды есептеудің жалпы ережелері
Полная версия

