Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 26 маусымдағы № 198-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1-тармағының 1) және 2) тармақшалары осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) астананың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша астананың орманды саябақ аймағының шекарасын белгілеу және өзгерту;»;
1-тармақ «елді мекендер» деген сөздерден кейін «, астананың орманды саябақ аймағы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
3) 84-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «электр тарату желілері,» деген сөздерден кейін «гидроэлектр станциялары,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 90-баптағы «жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін,» деген сөздер «стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салумен және олардың жұмыс істеуімен және сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейтумен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін (орман қорының жерлерін қоспағанда),» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 
«2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;»;
3) тармақшадағы «осы» деген сөз «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi