1) бүкіл мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 132-IV Заңы
1-бап
. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2) 3-баптың 1-тармағы "қорғаудың" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтаудың және су бұрудың" деген сөздермен, 2-тармағының 1) тармақшасы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен, 3) тармақшасы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 4) тармақшасы "қорғаудың" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтаудың және су бұрудың" деген сөздермен; 3-бөлімнің тақырыбы; 5-тараудың тақырыбы; 33-баптың тақырыбы, 1-тармағы; 34-баптың тақырыбы, бірінші абзацы, 1) тармақшасы; 35-баптың тақырыбы, бірінші абзацы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен; 6-тараудың тақырыбы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен; 36-баптың тақырыбы; 37-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы; 38-баптың тақырыбы; 39-баптың тақырыбы; 40-баптың 2-тармағының 16) және 20) тармақшалары; 43-баптың 3-тармағы; 8-тараудың тақырыбы; 44-баптың тақырыбы, 1-тармағының бірінші абзацы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен; 2-тармағы; 11-тараудың тақырыбы; 61-баптың тақырыбы, 1-тармағының бірінші абзацы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен, 3-тармағының бірінші абзацы; 71-баптың 9) тармақшасы; 72-баптың 18) тармақшасы; 79-баптың 1-тармағы, 2-тармағының бірінші абзацы, 3-тармағы; 15-тараудың тақырыбы; 81-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары; 85-баптың тақырыбы, 1 және 2-тармақтары "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен; 9-бөлімнің тақырыбы "қорғауды" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтауды және су бұруды" деген сөздермен; 132-баптың тақырыбы "қорғау" деген сөзден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және тұрмыстық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
Полная версия