Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қыркүйекте № 36779 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 бұйрығына 1-қосымша
Ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 25-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңнамада немесе жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерінде көзделген қаражат, республикалық бюджетте (одан әрі- субсидиялар) бекітілген сомалар шегінде республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар есебінен және шегінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – сумен жабдықтау жүйелері) бекіткен тізбелер бойынша (бұдан әрі – субсидиялар) ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларының тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімші – тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін, облыс әкімі айқындайтын облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;
2) бюджет қаражатын алушылар –бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы бюджет қаражатын алатын және оларды мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
4) орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларға ауызсу алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, беруге және таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Полная версия

