1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ «Ақпараттық технологиялар. Ақпаратты криптографиялық қорғау. Блоктық симметриялық шифрлау алгоритмі» ұлттық стандарты бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.
Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасының 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 61-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығымен бекітілген Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларының 25, 26, 40 және 41-тармақтарына сәйкес, Ғылыми-техникалық комиссияның 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 207-ПР хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
2. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ 1073 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік пен өмірлік цикл үдерістеріне талаптар» ұлттық стандарты бекітілсін және қолданысқа енгізілсін.
3. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР СТ 1073-2007 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ұлттық стандартының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға орынбасары Қ. Қабылбеков
Полная версия

