Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 502-ІV Заңы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар):
екі жүз алпыс жетінші абзац «Терроризмді» деген сөзден кейін «не экстремизмді» деген сөздермен, «терроризм» деген сөзден кейін «не экстремизм» деген сөздермен толықтырылсын;
екі жүз алпыс тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«233-3-бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизге өзге де жәрдемдесу»;
мынадай мазмұндағы екі жүз жетпісінші абзацпен толықтырылсын:
«233-4-бап. Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру»;
екі жүз жетпіс бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«235-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу»;
мынадай мазмұндағы екі жүз жетпіс екінші, екі жүз жетпіс үшінші, екі жүз жетпіс төртінші және екі жүз жетпіс бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«235-1-бап. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-2-бап. Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-3-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу
235-4-бап. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу»;
2) 28-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық жасаған адам, сол сияқты ұйымдасқан топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды), трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты (трансұлттық қылмыстық ұйымды) немесе тұрақты қарулы топты (банданы) құрған не оларды басқарған адам ұйымдастырушы деп танылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi