Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағы 12) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 382) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қазанда № 37153 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. «Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11932 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген
Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексі 25-бабының 2-тармағы 12) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15- тармағы 382) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне (бұдан әрі - су бұру жүйесі) сарқынды суларды қабылдау тәртібін айқындайды.
Қағидалардың талаптары елді мекендердің су бұру жүйелерінің жобаларын әзірлеу кезінде ескеріледі.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе ластанған аумақта түзілетін сулар:
өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте судың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен ластағыш заттардың қоспалары қосымша қосылған сулар;
елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суы, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық сулар;
Полная версия

