Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне, 115-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 530-бабының 7-тармағына, 532-бабының 6-тармағына және 549-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» салық есептілігіне (328.00-нысан) байланысты кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37237 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оны жасау бойынша түсіндірмесі бар «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігін ұсыну қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініштің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште тиісті белгі қою не растаудан дәлелді бас тарту жолымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту жағдайын растау қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республиксының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығына 1-қосымша
Полная версия

