Близость слов: Окончание:





Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ нысандарын, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37317 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың басып шығарылған нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы  Д. Темирбеков
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 657
бұйрыққа 1-қосымша
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі

Тауардың атауы

1

2

1.

Өндірілуі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын

2.

Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі

3.

Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері

4.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының 5) тармақшасына сәйкес газохол, бензол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын.

5.

Өндірілуі мен айналымы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін сұйытылған мұнай газы

6.

Айналымы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар

7.

Қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар

8.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар

9.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 657
бұйрыққа 2-қосымша
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi