1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;»;
«12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);»;
2-тармақтағы «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды», «кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне» деген сөздер тиісінше «Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды)», «бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне (оның ішінде операциялық жүйелерге)» деген сөздермен ауыстырылсын.
138-баптың 64) тармақшасындағы «тауар белгісін» деген сөздер «авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
461-баптың 1-тармағы «қызмет көрсету белгілерін» деген сөздерден кейін «, географиялық нұсқамаларды» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын», «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын», «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым» деген сөздер тиісінше «құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі», «Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі», «Репертуарынан авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
«деректер базасы», «Деректер базасы», «деректер базасының» деген сөздер тиісінше «дерекқор», «Дерекқор», «дерекқордың» деген сөздермен ауыстырылып, «электрондық» деген сөз алып тасталсын;
«ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға» деген сөздер «компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) – табиғатына орай компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) дайындық материалдарының неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын осындай материалдарды қоса алғанда, машина оқитын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндетті орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін, сөздер, схемалар түрінде немесе бейнелеудің кез келген өзге де нысанында көрсетілген командалар жиынтығы;
Полная версия

