Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37571 болып тіркелді
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.04.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) және 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 31.03.2026 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (08.12.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсты өткізу қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурсты өткізу қағидалары;
2-тармақша осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.04.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілді.
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
3-тармақша осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.04.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілді.
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған іріктеудің қағидалары;
4-тармақша осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілді және 01.04.2026 ж. дейін қолданыста болды.
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
5-тармақша осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілді және 01.04.2026 ж. дейін қолданыста болды.
2. Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызметті цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданыста болатын 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазықбай
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2025 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 196
бұйрығына 1-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидалары
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – ішкі конкурс).
Полная версия
ИС BestProfi