Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 308 Заңы
1-бап .
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат):
1) 41-бапқа ескертулердің 1-тармағы алып тасталсын;
2) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.";
3) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"
192-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз кредиттер алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру, -
бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасаса;
в) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса, -
мүлкі тәркіленіп не онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:
а) ұйымдасқан топ;
Полная версия