«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 101 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 желтоқсанда № 37695 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы «__» ______ _____ № __ қаулысымен бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, мерзімділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының есептілігі Ұлттық Банкке автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе арқылы электрондық форматта ұсынылады.
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы, сондай-ақ жеке тұлға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің, екінші деңгейдегі банктің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының есептілігіндегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін жеке тұлға қамтамасыз етеді.
Полная версия

