1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 246-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«913-бап. Лотереяларды, құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізу ерекшеліктері
1. Уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адам мен құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушы, ал лотереялар үшін лотерея операторы мен лотереяға қатысушы арасындағы қатынастар шартқа негізделген.
Лотерея операторы мен лотереяға қатысушы арасындағы шарт лотереяға қатысушы лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің құнын төлеген және лотерея билеті, электрондық лотерея билеті берілген кезден бастап жасалған деп танылады.
2. Лотереяларды, құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізу шарттарына сәйкес ұтты деп танылатын адамдарға құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастырушы, ал лотереялар үшін лотерея операторы ұтыс төлеуге тиіс.
Құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастырушының ұтысты мерзімінде, мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) төлеуі құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізу шарттарына сәйкес, бірақ құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған кезден бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Лотерея операторының ұтысты төлеуі заңда белгіленген мерзімдерде, лотерея өткізу шарттарында айқындалатын мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) жүзеге асырылады.
3. Құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастырушы, лотерея операторы осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда, лотереяда, құмар ойында және (немесе) бәс тігуде ұтыс шыққан қатысушы өзіне ұтыстың төленуін, сондай-ақ келтірілген залалдардың өтелуін талап етуге құқылы.
914-бап. Құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді өткізуге және оларға қатысуға байланысты талаптар
Азаматтар мен заңды тұлғалардың тәуекелге (құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге) негізделген құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары осы Кодекстің 913-бабында көрсетілген қатынастардан туындайтын талаптарды қоспағанда, сот қорғауына жатпайды.».
«171-бап. Әкімшілік қадағалау
Әкімшілік қадағалау бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстары үшін – жазасын өтегеннен кейін үш жылға;
2) ауыр қылмыстары үшін – жазасын өтегеннен кейін алты жылға;
3) аса ауыр қылмыстары үшін жазасын өтегеннен кейін сегіз жылға белгіленеді.».
Полная версия

