Близость слов: Окончание:





Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 245-VIII
"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Премьер-Министрінің 13.02.2026 жылғы № 16-ө Өкімін қараңыз
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 309-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 24.06.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бейімдеу – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені;
2) әлеуметтік оңалту – өмірде қиын жағдайда қалған адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардапты еңсеру процесі;
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу – педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтауға және оларға уақтылы қолдау көрсетуге бағытталған жеке әлеуметтік және психологиялық-педогогикалық шаралар кешені;
4) заңға бағынатын мінез-құлық – адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін саналы мінез-құлқы;
5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;
6) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, адамгершілік, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және оны әлеуметтік ортаның теріс әсерінен қорғауға бағытталған мінез-құлық қағидалары мен нормаларын дарыту бойынша ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыскерлері тарапынан әсер етудің үздіксіз процесі;
7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға немесе қоғамға жат мінез-құлық танытуға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактика жөніндегі шаралармен бірге жиынтықта жүзеге асырылатын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар кешені;
8) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
9) күш көрсету – дене күшін қолдану және дене мүшесін ауырту арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтіру;
10) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау жоқ кәмелетке толмаған бала;
11) қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен өмір салтына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
12) қоғамға жат мінез-құлық – жеке тұлғаның жалпы қабылданған мінез-құлық пен мораль нормаларын, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесін бұзатын, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін әрекеттері;
13) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
Полная версия
ИС BestProfi