Близость слов: Окончание:





«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 249-VIII
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-баптың 1) тармақшасы осы Заңның 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі 
1) 25-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздерден кейін «немесе техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды ашық тәсілмен өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
«5. Берілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында берілген күні орналастырылады.»;
«Қайта ресімделген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қайта ресімделген күні орналастырылады.»;
8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түзетілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында түзетілген күні орналастырылады.»;
2) тармақшадағы «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздер «жоспарлау» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «қамтамасыз ету» деген сөздер «ұйымдастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «жер қойнауының мемлекеттік мониторингін», «жүзеге асыру» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді», «ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «жүргізуді ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша «нормаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін» деген сөздермен толықтырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi