Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
244-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «учаскесіне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске салынған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тәртіп бойынша берілген жағдайда ғана өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығы танылады» деген сөздер «учаскесінде құрылысты жүзеге асырған адамға бұл учаске тұрғызылған құрылысты орналастыру үшін осы адамға белгіленген тәртіппен берілген жағдайда сот өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
974-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да объектілер.».
3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1)-3) тармақшалар осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі 
1) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармаққа сәйкес сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
2) 44-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, жеке және заңды тұлғаларға сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге жол берілмейді.»;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жер учаскесін беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау орналасуы жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтірмейтін бұрын белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар учаскелердің карталары ескерілмей, жеке және заңды тұлғаларға сейсмикалық аймақтарда құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге жол берілмейді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып, Алматы қаласы аумағының сел мен көшкін қаупі бар учаскелерінде құрылыс салу мақсатында жер учаскелерін беруге тыйым салынады.»;
4) 48-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
Полная версия
ИС BestProfi