Близость слов: Окончание:





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Кодексі
Осы Кодексті іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 09.02.2026 жылғы № 12-ө Өкімін қараңыз
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астана, облыстар, және республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» және «Астананың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 306-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға, адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық құрылыс объектісі – адамдардың құрылыс объектісінде қауіпсіз болуын қамтамасыз етудің мүмкін болмауына байланысты құрылыс объектісінің одан әрі пайдаланылуы дереу тоқтатылуға тиіс жай-күйі;
2) авторлық сүйемелдеу – құрылыс жобасы авторының (авторларының) құрылыс сатысын сүйемелдеуді жүзеге асыруы, оның ішінде оған өзгерістер енгізу жөніндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі инжинирингтік көрсетілетін қызмет;
3) адам өмір сүретін және тіршілік ететін орта – адам тұратын және тіршілік ететін орта. Адам өмір сүретін және тіршілік ететін орта мыналарды қамтиды:
қоршаған орта – табиғи орта мен антропогендік ортаны қамтитын, адамның айналасындағы жағдайлардың, материалдық әлем заттары мен объектілерінің жиынтығы;
сәулеттік-ландшафттық орта – адам шаруашылық қызметті және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттік нысандар ұштастырылған кеңістік. Әдетте, бұл адамның өмір сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйін айқындайтын, елді мекендер шегіндегі және олардың шегінен тысқары орта;
қолжетімді (кедергісіз) орта – орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін параметрлері бар құрылыс объектісінің, қызмет көрсету орнының қасиеті;
iшкi орта – тұрғын үй-жайлардағы өмiр сүру жағдайларының және жұмыс (өндiрiс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешенi, ол әлеуметтiк, эстетикалық, биологиялық, психологиялық және физикалық-химиялық факторларды, оның iшiнде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңiректi, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иiстердi, жану өнiмдерiн, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;
4) атқарушылық геодезиялық түсірілім – ғимараттардың, құрылысжайлардың, инженерлік коммуникациялардың жер учаскесінде нақты орналасуының дәл координаттар мен биіктіктер жүйелеріне байланыстырылған схемасы;
5) аумақтарды аймақтарға бөлу – қала құрылысына жоспарлау кезінде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін және оларды пайдалану бойынша ықтимал шектеулерді белгілей отырып, аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;
6) аумақтық-көліктік жоспарлау – қаладағы мобильділіктің орнықты түрлеріне және кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық бере отырып, сондай-ақ аумақты жедел жабдықтауды және қатынас жолдарын техникалық қамтуды ескере отырып, аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол көліктің барлық түрінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін салуды жоспарлауды да қамтиды;
7) бастапқы материалдар – жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті материалдар;
8) бірегей құрылыс объектісі – құрылыс объектісі үшін арнаулы техникалық шарттарды (ерекше нормаларды) әзірлеу, келісу және бекіту қажеттілігін айқындайтын, жобалау және салу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттар немесе мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтік құжаттар) белгіленбеген, ерекше, бұрын жеке-жеке немесе жиынтық түрінде қолданылмаған сәулет, көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, инженерлік немесе технологиялық шешімдермен сипатталатын құрылыс объектісі және оның кешендері;
9) ғимарат – функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруы немесе онда болуы, өндiрiстiк процестердi орындау, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау үшін пайдаланылатын, мiндеттi түрде жер бетiндегі тұйық көлемдi құрайтын тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн;
Полная версия
ИС BestProfi