2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі N 279 Заңы
1-бап.
1) бүкіл мәтін бойынша:
"мемлекеттік қажеттіктер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"шаруа (фермер) қожалығын", "Шаруа (фермер) қожалығын", "шаруа (фермер) қожалығы", "шаруа (фермер) қожалығының" деген сөздер тиісінше "шаруа немесе фермер қожалығын", "Шаруа немесе фермер қожалығын", "шаруа немесе фермер қожалығы", "шаруа немесе фермер қожалығының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
"органдары" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі" деген сөздермен толықтырылсын;
"жер учаскелерін алып қою және беру" деген сөздер "жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац "органының" деген сөзден кейін ", аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
"белгіленген нормалар шегінде" деген сөздер "осы Кодекстің 50-бабының 2-тармағына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үй (қосалқы)" деген сөздер "қосалқы" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
"үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық" деген сөздер "қосалқы шаруашылық, бағбандық жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"саяжай құрылысы үшін" деген сөздерден кейін ", осы Кодексте жер учаскелерін ақылы түрде беру көзделген өзге де мақсаттар үшін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Елді мекеннің аумағы шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер учаскесінің нысаналы мақсаты, мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жерлерді қоспағанда, ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін өзгертілген жағдайда, аталған жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесінің өзгерген нысаналы мақсаты үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаскенің бұрын мемлекеттен сатып алынған бағасы арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеуге міндетті.";
Полная версия