Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 259-VIII 
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлім):
1) 3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктер мен астық қабылдау кәсіпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсіпорындарының қызметiн бақылауға, банк қызметін лицензиялауға, банктерді реттеуге, банк лицензиясынан айыру салдарының туындауына, астық қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерге қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi.»;
2)-3) тармақшалар осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі 
«туынды қаржы құралдары» деген сөздерден кейін «, цифрлық қаржы активтері» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы құралы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес электрондық-цифрлық нысанда шығарылуы мүмкін.»;
3) 129-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі «(электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде)» деген сөздерден кейін «, оның ішінде электрондық-цифрлық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1) тармақшаның екінші абзацы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі 
2-тармақ «құндылықтарды» деген сөзден кейін «және цифрлық қаржы активтерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақтағы «Ислам банкінің банк қызметін жүзеге асыруы» деген сөздер «Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1-1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыру кезінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша ақша қарызы мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен және ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы алмай жүзеге асырылады.»;
3) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі 10) тармақшасындағы «ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.» деген сөздер «ақшаға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз етуге арналған, орталық депозитарийдегі және (немесе) клирингтік ұйымдағы банктердің ақшасына және (немесе) бағалы қағаздарына тыйым салуға жол берілмейді.»;
Полная версия
ИС BestProfi