Халықаралық төрелiк туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 23 Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 20 сәуірден бастап ҚР 08.04.2016 жылғы № 488-V Заңына сәйкес
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық төрелiктiң қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiк шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған, халықаралық төрелiк шешетiн дауларға қатысты қолданылады
2-бап өзгертілді ҚР 05.02.2010 жылғы №249-IV Заңымен (28.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1) Қазақстан Республикасының жария тәртiбi – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бекiтiлген мемлекеттiк және қоғамдық құрылыстың негiздерi;
2) құзыреттi сот – азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар туралы iстердi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес бiрiншi сатыда қарауға уәкiлеттiк берілген Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң соты;
4) төрелiк келiсiм – тараптардың азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған немесе туындауы мүмкiн дауды төрелiктiң қарауына беру туралы жазбаша келiсiмi, бұл шартта төрелiк ескертпе түрiнде немесе субъектiлерді және олардың ерiк бiлдiруiнiң мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электрондық құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкiн;
10) iскерлiк айналымының әдет-ғұрыптары – қандай да бiр құжатта тiркелгенiне-тіркелмегеніне қарамастан, қолданылатын құқыққа қайшы келмейтiн, азаматтық-құқықтық шарттар саласында қалыптасқан және кеңiнен қолданылатын мiнез-құлық қағидалары.
3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы
3-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 125-V Заңымен (05.02.2010 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.