Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 150 қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
«58-1) электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің электр самокатты есепке алуды жүргізу және оған тіркеу нөмірін беру тәртібін, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін әзірлейді және бекітеді;»;
«64) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін әзірлейді және бекітеді;»;
«308) ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
2. Осы қаулының 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия

