БҰЙЫРАМЫН:
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 11 наурызда № 38114 болып тіркелді
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
«6) кепілгер – «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының кепілдіктер беруге уәкілетті еншілес ұйымы;»;
«14) кредит – банктің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық инвестициялық холдингтің еншілес ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, аймақтық инвестициялық орталықтарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретін қарыз қаражаты;
15) кредитор – екінші деңгейдегі банктер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық инвестициялық холдингтің банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар еншілес ұйымдары (бұдан әрі − еншілес ұйымдар), аймақтық инвестициялық орталықтары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;»;
«3-1. Көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге кепілдік беру бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай талаптарға сәйкес келетін кредиттік шарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) банктер, еншілес ұйымдар, өңірлік инвестициялық орталықтар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік серіктестіктер және микроқаржы ұйымдары айналым қаражатын толықтыруға беретін;
2) кредит мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, 18 (он сегіз) айдан аспайды;
3) сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7,5 (жеті бүтін оннан бес) %-ға ұлғайтылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген сыйақының базалық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде;
4) кредит валютасы – теңге;
5) кредитті өтеу – кредиттік шарттың талаптарына сәйкес төлемдерді жүзеге асыру;
6) кредиттің ең жоғары сомасын кепілгер кепілгердің ішкі құжаттары негізінде айқындайды;
7) нысаналы мақсаты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кейіннен өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға аванс төлем жолымен қаржыландыру үшін айналым қаражатын толықтыруға қайта өңдеу кәсіпорындарына кредит беруді қоса алғанда көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге (бұдан әрі – көктемгі дала және/немесе егін жинау жұмыстары) айналым қаражатын толықтыру болып табылады;
8) кепілдік мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен, кредиттік шарттың мерзімінен 4 (төрт) айға асатын мерзім;
Полная версия

