Біз, біртұтас Қазақстан халқы,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ
Конституция 2026 жылы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданды
"2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы" ҚР Орталық сайлау комиссиясының 17.03.2026 жылғы № 12/24 Қаулысын, "2026 жылғы 15 наурызда қабылданған ҚР Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 17.03.2026 жылғы № 1206 Жарлығын қараңыз 1995 жылғы және 2026 жылғы Конституцияларды салыстырмалы кестесін қараңыз
байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып,
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап,
мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап,
Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып,
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,
бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп,
мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бағдарға алып,
табиғатты аялау қажеттігін мойындап,
бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып,
келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп,
Қазақстан Республикасының Ата Заңын – осы Конституцияны қабылдаймыз.
І бөлім Конституциялық құрылыс негіздері
1-бап
Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2-бап
1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика.
2. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Полная версия

