Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38317 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеге дейін:
Тізбенің 7-қосымшасының 12-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Уәкілетті банк, валюталық бақылау агенттері болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған иеленушінің келісімі болған кезде, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген иеленушінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен цифрлық құжаттар сервисінен деректерді пайдаланады;»;
Тізбенің 8-қосымшасы 2-тармағының бірінші бөлігінің қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба турал» Қазақстан Республикасының Заңында және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заң) көрсетілген мағынасында қолданылады.»;
Тізбенің 8-қосымшасы 32-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«32. Банктер, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары Ұлттық Банкке Қағидаларға сәйкес талап етілетін ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді, есептерді) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру рәсімдерін сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық тәсілмен ұсынады.».
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
Полная версия

