Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 16 наурыздағы № 25 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 27 наурызда № 38217 тіркелді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларында:
«Қағидаларда Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінде, «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң), «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) және «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерінде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері санатына жатады;»;
«8) Қағидалардың 12-1-тармағына сәйкес өзге нысанда жарғылық капитал мөлшерін одан әрі қамтамасыз ету мүмкіндігімен заңды тұлғаның жарғылық капиталы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алуға құжаттар берілгенге дейін ақшалай нысанда толық көлемде қалыптастырылады.
Заңды тұлғаның жарғылық капиталының мөлшері кемінде:
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – 50 000 000 (елу миллион) теңгені;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта есептеу, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қосымша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін – 100 000 000 (бір жүз миллион) теңгені құрайды;»;
«10) заңды тұлғаның меншік құқығында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті кемінде екі көлік құралы болады. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия алу үшін «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде мына құжаттарды:»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi