Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 225 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықта:
«8. Ережені әзірлеу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде ереженің жобасы мемлекеттік органның регламентінде немесе нормативтік құқықтық актілерде белгіленген оның ішкі әкімшілік рәсімдеріне сәйкес әзірленеді және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе оның алқалы органына (бар болса) келісуге немесе қабылдауға енгізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Ереженің немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің (немесе) толықтырулардың жобасы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, «Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.
Мемлекеттік орган туралы ережеде мемлекеттік органның құзыреттері, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органның басқа да құзыреттері, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері қамтылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеде:
«2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»;
4-тараудың 23-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ережені әзірлеу немесе ережеге өзгерістер енгізу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген негіздер туындаған кезде мемлекеттік органның құқықтық актісінің тиісті жобасы мемлекеттік органның регламентінде немесе нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген оның ішкі әкімшілік рәсімдеріне сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
Ережені осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейтін мемлекеттік органның ведомстволары мен оның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ аумақтық органдарын қоспағанда, ереженің немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің жобасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, «Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Ереженің жобасы немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, заң бөлімшесімен және мемлекеттік органның бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарларымен келісуге жіберілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде келісіледі және бекітуге енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi