Близость слов: Окончание:





Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидаларын, Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 29 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 сәуірде № 38308 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 22-тармағына, 22-бабының 8-тармағына, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 4-тармағына және 5-3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 1-тармағына, 80-бабының 2-тармағына және 88-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Пошта туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін біліктілік талаптары, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қағидалардың 1-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл бөліктің мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»;
Қағидалардың 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«2. Қағидаларда Банктер туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мәндерде қолданылатын ұғымдар пайдаланылады.»;
Қағидалардың 4-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:
«4. Талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия беру туралы өтініш уәкілетті органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынады (байланыс телефондарын және байланысатын адамдардың электрондық почтасының мекенжайларын көрсете отырып).
Полная версия
ИС BestProfi