Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 254 қаулысы
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«киберқауіпсіздік саласында қажетті қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салып жүгіну;»;
«14) құқықтық цифрландыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізу;»;
«29) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;»;
«33) әділет органдарының киберқауіпсіздікті сақтауын қамтамасыз ету;»;
«35) құқықтық цифрландыруды қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
«58-1) жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ықтимал бұзуы тұрғысынан атқарушылық іс жүргізуге «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі» цифрлық жүйе арқылы мониторинг жүргізу;»;
«79) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тәртібін айқындау;»;
«103) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;»;
«108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқамаларын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«145-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«148) құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтер нысанын, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын айқындау;
149) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) цифрлық тіркеу тәртібін айқындау;»;
«154) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
155) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
156) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 158-1) тармақшамен толықтырылсын:
«158-1) жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін әзірлеу және бекіту;»;
«162) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды және байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;»;
«167) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 176-1) тармақшамен толықтырылсын:
«176-1) тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;»;
«198) сот сарапшысы біліктілігін беру;»;
«203) сот сараптамасы саласында цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді жасау және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;»;
«216) Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;»;
«218) Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 258-1), 258-2) және 258-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«258-1) цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
258-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторына деректерге қолжетімділік беру;
258-3) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес дерекнамаларды қалыптастыру;».
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз жетінші, отыз сегізінші, қырық үшінші, қырық төртінші, елу екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия

