Близость слов: Окончание:





Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 13 сәуірде № 38399 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабының 2-тармағына және 127-бабының үшінші бөлігін сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 10 сәуірдегі
№ 63 қаулысымен
бекітілді
Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптар
1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 121-бабының 2-тармағына және 127-бабының үшінші бөлігін сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Қағидалар сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын банктерге қолданылады.
Сот шешімі бойынша мәжбүрлеп таратылатын банктерге қатысты қолданылатын осы Қағидалардың ережелері Банктер туралы заңның 126-бабының 2, 4-тармақтарында және 127-бабында және Қағидаларда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Банктер туралы заңның 126-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.
Мемлекетаралық банктерді тарату ерекшеліктері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, осы банктерді құру туралы келісімдерде және олардың құрылтай құжаттарында айқындалады.
3. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк кредиторы – таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi