БҰЙЫРАМЫН:
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 157 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 сәуірде № 38464 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, Тізбенің 1-тармағының сегізінші, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын; Тізбенің 3-тармағының алтыншы, тоғызыншы, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма тоғызыншы, отыз, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші абзацтарын, Тізбенің 4-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, Тізбенің 5-тармағының сегізінші, оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, Тізбенің 6-тармағының сегізінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылдың 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
2026 жылдың 12 шілдесіне дейін мыналар белгіленсін:
Тізбенің 1-тармағының жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 2-тармағының он бірінші және он екінші абзацтары мындай редакцияда қолданылады:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 3-тармағының отыз бірінші және отыз екінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Тізбенің 3 -тармағының елу екінші және елу үшінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады:
«11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Полная версия

