«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 72 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 сәуірде № 38501 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының құрылымдық элементтері күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 72 қаулысымен бекітілген
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 23-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының) инвестициялық қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар мыналарды:
1) банк сатып алатын немесе құратын ұйымдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің көрсетілген ұйымдарға қатысуының шекті мөлшерін;
2) акциялар мен Банктер туралы заңның 23-бабы 2-тармағының 23) тармақшасында көзделген заңды тұлғаларға қатысу үлестерін сатып алуға қойылатын қосымша талаптарды;
3) банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алатын борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
4) борыштық эмиссиялық бағалы қағаздарын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы сатып алуға құқылы халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін;
Полная версия

