Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 22 сәуірде № 38504 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбеге 1-қосымшаның 4-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болуы;»;
Тізбеге 2-қосымшаның 9-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«1) өз функцияларын толық көлемде және банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте банктің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алуды;»;
Тізбеге 2-қосымшаның 12-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«12. Банк ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ мақсатында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.»;
Тізбеге 2-қосымшаның 30-тармағы екінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде банк клиент (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе банк клиентті тиісінше тексеру шараларын негізге алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.»;
Тізбеге 2-қосымшаның 39-тармағы бірінші бөлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылатынын:
«39. Банк автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалану арқылы ағымдағы шоттары бойынша шығыс операциялары жүргізілетін, бұл ретте клиенттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты төлемдері, коммуналдық төлемдері, салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдері жоқ клиенттерді айқындайды:
Полная версия
ИС BestProfi