Близость слов: Окончание:





"Цифрлық үкімет" операторын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 374 қаулысы
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 74-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.  "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы "цифрлық үкімет" операторы болып айқындалсын.
2.-- "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысының күші жойылсын.  
3. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    О. Бектенов
Полная версия
ИС BestProfi