Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 385 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
«1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді (бұдан әрі – реттелетін сала) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
«12-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;»;
«71) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 204-1), 204-2), 204-3), 204-4), 204-5), 204-6), 204-7) және 204-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«204-1) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
204-2) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
204-3) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады;
204-4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;
204-5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) шекті бағаларын төмендетеді;
204-6) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізеді;
204-7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқаманы орындамаған жағдайда, оны нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;
204-8) мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына (аяларына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбелерін бекітеді;».
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он сегізінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Полная версия
ИС BestProfi