Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 292-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-18) тармақшамен толықтырылсын:
«1-18) жануарларды ұстау қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, жануарлар ұсталатын санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады;»;
1-9-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
7-2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
7-3) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-12), 1-13) және 1-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-12) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
1-13) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
1-14) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;».
2. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтың 4-3) және 4-9) тармақшалары алып тасталсын;
1-1-тармақтың 23) және 27) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы алып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi