Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі 24-бабының 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38832 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.06.2026 жылғы № 336 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындының нысаны;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 268 бұйрығына 1-қосымша
нысан
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды
20 жылғы "____" ___________
Техникалық қадағалау ___________________________________________
Полная версия

