Близость слов: Окончание:





«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 150- НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 маусымда № 38869 болып тіркелді
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
«1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 63) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ТжКОББ) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.»;
«4. ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштер қабылдау, әңгімелесу өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңестің (ол болмаған жағдайда – жұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.
Қабылдау комиссиясының төрағасы ТжКОББ ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
Қабылдау комиссиясы жұмысына жалпы басшылық ету хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдауды, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап бередi, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды, кеңес (консультация) және қабылдау емтихандарының даярлығын, жүргiзiлуiн ұйымдастырады, жазбаша емтихан жұмыстарының шифрленуiн және де шифрленуiн жүргiзедi.
Хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
Қабылдау комиссиясы қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда қабылдау комиссиясының құрамы қайта қаралады.»;
«7. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау және (немесе) емтихан комиссиясының жұмысын цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ТжКОББ ұйымы жүргізеді.»;
«2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында, ақылы негізде күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында, медициналық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 10 тамызға дейін негізгі орта білім базасында, 25 маусымынан 15 тамызға дейін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында жүзеге асырылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi