Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 495 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 110-9), 110-10), 110-11) және 110-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«110-9) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
110-10) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
110-11) мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
110-12) дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасын қалыптастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтары осы Бұйрықтың 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі 
«117) турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекітеді;»;
«121) Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге қосылған билет құнын субсидиялау қағидаларын, сондай-ақ туристік өнімге қойылатын талаптарды бекітеді;»;
«123) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығынын субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, субсидиялауға қойылатын талаптарды бекітеді;
124) танытым орталықтары мен туристерді орналастыру орындарын салу және реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
125) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға жұмсалатын шығынының бір бөлігі өтелуге тиіс осындай жабдықтар мен техникалар тізбесін бекітеді;
126) кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығынының бір бөлігін субсидиялаудың қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығын субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекітеді;
127) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ осындай объектілердің тізбесін және оларға қойылатын талаптарды бекітеді;
128) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегiзден астам отыратын орын болатын автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығынының бір бөлігін өтеудің қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығынының бір бөлігі өтелуге тиіс осындай көлік құралдарына қойылатын талаптарды бекітеді;»;
«137) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес турагенттік қызметтің, гид, экскурсия жүргізуші және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген адамдардың мемлекеттік электрондық тізілімдерін жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 152-1), 152-2 және 152-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«152-1) гидтердің, экскурсия жүргізушілердің және туризм нұсқаушыларының қызметі қағидаларын бекітеді;
152-2) туристік ақпарат орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын бекітеді;
152-3) танытым орталығы қызметінің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның қызметіне қойылатын талаптарды бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 162-11) тармақшамен толықтырылсын:
«162-11) жергілікті атқарушы органдарына казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын өзгертуге келісім береді;»;
мынадай мазмұндағы 185-21), 185-22), 185-23), 185-24), 185-25), 185-26), 185-27), 185-28), 185-29), 185-30), 185-31) және 185-32) тармақшалармен толықтырылсын:
«185-21) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
185-22) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді;
1-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші және қырық екінші абзацтары осы Бұйрықтың 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
185-23) жұмылдыру резервi бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
185-24) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
185-25) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
185-26) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемі бойынша және номенклатура өзгерген кезде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
185-27) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастырады;
185-28) жаңарту тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
185-29) алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
185-30) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
185-31) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастырады;
185-32) төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды орындайды;»;
мынадай мазмұндағы 185-33) 185-34) және 185-35) тармақшалармен толықтырылсын:
«185-33) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
185-34) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
185-35) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құрады және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асырады;».
1) 2026 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын;
2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  О. Бектенов
Полная версия
ИС BestProfi