Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 12 маусымдағы № 312-VIIІ ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшасының бірінщі-бесінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі  
2) тармақтағы «ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«253-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «253-бапта – екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын заңсыз сыйақы мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«366 және 367-баптарда – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны» деген сөздер «366 және 367-баптарда – он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын пара мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшасының алтыншы-он бесінші абзацтары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі 
«сайланған адам» деген сөздерден кейін «(мәслихат депутатын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
«және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты» деген сөздер «және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге қатысатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әрекет ететін» деген сөздерден кейін «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның жəне» деген сөздермен толықтырылсын;
«; мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
«37-1) халықаралық ұйымның лауазымды адамы – халықаралық шарт негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымда басшы лауазымды атқаратын және (немесе) халықаралық қызметші болып саналатын адам, сондай-ақ осындай халықаралық ұйым өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам;»;
мынадай мазмұндағы 37-2) және 37-3) тармақтармен толықтырылсын:
«37-2) шетелдік көздерден алынған қаражат – шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар берген ақша және (немесе) өзге де мүлік;
37-3) шет мемлекеттің лауазымды адамы – шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бір лауазымды атқаратын адам, сондай-ақ шет мемлекет өз атынан әрекет етуге уәкілеттік берген адам;»;
Полная версия
ИС BestProfi