Близость слов: Окончание:





«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 368/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39199 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж. Мадиев
«КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасының
 Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің орынбасары –
 Жасанды интеллект және
 цифрлық даму министрі
 2026 жылғы 1 шілдедегі
 № 368/НҚ Бұйрығымен
 бекітілген
«Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары
1. Осы «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 83-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) архитектуралық-үйлестіруші орталық – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
2) ашық деректерді ұсыну жөніндегі сервис – цифрлық объектілер арасында бір жақты тәртіппен деректерді беру тәсілі;
3) верификация токені – бастамашының және (немесе) оператордың дербес деректер субъектісінен келісім алғанын растауға арналған белгілі бір сандар мен әріптер жиынтығы түріндегі электрондық кілт;
4) веб-сервистердің қауіпсіздігі (WebServiceSecurity) (бұдан әрі – WSSecurity) – SOAP веб-сервистері арасында хабар алмасу кезінде қауіпсіздік функцияларын қолдану стандарты. Таратылған жүйелер (REST) үшін бағдарламалық қамтамасыз ету архитектурасының стилін қолданған кезде сервис қауіпсіздігі HTTPs қауіпсіздік шаралары және пайдаланушыларды аутентификациялау арқылы қамтамасыз етіледі;
Полная версия
ИС BestProfi