Осы Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бiрыңғай заңды белгiлейтiн конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы заңдардың кейбiр үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөнiндегi конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейдi және төлем құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң қызметiн белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) заң алдында барлығының теңдігін қамтамасыз ету, вексельдік құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
Аваль- вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөнiндегi төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Заң өзгертілді ҚР 09.07.2003 жылғы № 482-ІІ Заңына сәйкес