Близость слов: Окончание:





Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы
Осы Заңның орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес
Құжат мәтініндегі "Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)", "облысқа (республикалық маңызы бар қалаға, астанаға)"сөздері "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың", "облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана", "облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға" сөздермен ауыстырылды ҚР 27.04.2018 жылғы № 149-VІ Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 18.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 361-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.04.2018 жылғы № 149-VІ Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) – заңды тұлға түрінде құрылмайтын, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 361-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.04.2018 жылғы № 149-VІ Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Ассамблея өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы заңнамасы
1. Ассамблея туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Ассамблеяның мақсаты
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 361-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.04.2018 жылғы № 149-VІ Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.04.2018 жылғы № 149-VІ Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 361-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.04.2018 жылғы № 149-VІ Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.04.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 361-V Заңына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Полная версия
ИС BestProfi