I тарау
Жалпыхалықтық референдум туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 376 Конституциялық Заңымен (02.11.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «республикалық референдумды», «Республикалық референдум», «Республикалық референдумды», «Республикалық референдумға», «республикалық референдумға», «республикалық референдум», «Республикалық референдумның», «республикалық референдумның» деген сөздер тиісінше «жалпыхалықтық референдумды», «Жалпыхалықтық референдум», «Жалпыхалықтық референдумды», «Жалпыхалықтық референдумға», «жалпыхалықтық референдумға», «жалпыхалықтық референдум», «Жалпыхалықтық референдумның», «жалпыхалықтық референдумның» деген сөздермен; «Республиканың», «Республика Конституциясын», «Республика қызметінің», «Республика Президенті», «Республика Президентінің», «Республика азаматтарының», «Республика азаматтарында», «Республика Президентіне», «Республика Жоғарғы Сотына», «Республика бойынша», «Республика Конституциясына», «Республика Конституциясының», «Республика азаматының» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының Конституциясын», «Қазақстан Республикасы қызметінің», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасының азаматтарында», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына», «Қазақстан Республикасы бойынша», «Қазақстан Республикасының Конституциясына», «Қазақстан Республикасы Конституциясының», «Қазақстан Республикасы азаматының» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Жалпыхалықтық референдумды тағайындау, әзірлеу және өткізу тәртібін белгілейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 376 Конституциялық Заңымен(02.11.1995 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Жалпы ережелер
1-бап. Жалпыхалықтық референдум ұғымы
1. Жалпыхалықтық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру.
2. Референдум Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өткiзiледi.
2-бап. Жалпыхалықтық референдум талқысына қойылатын мәселелер
Референдумның талқысына:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн.
3-бап. Жалпыхалықтық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер
Мыналар:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын;
2) мемлекеттің Егемендігін, Тәуелсіздігін, Қазақстан Республикасының бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидаттарын, Қазақстан Республикасының Президенті жеті жыл мерзімге сайланады және бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлана алмайды деген ережені өзгерту;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 15.06.2017 жылғы № 75-VI Конституциялық Заңына сәйкес (04.05.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (29114) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Конституциялық заңы 05.05.2022 жылғы № 119-VII Заңына сәйкес (15.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (05.05.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының;
4) сот әдiлдiгi, қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және қоғамдық тәртiптi қорғау;
5) бюджет пен салық саясаты;
6) рақымшылық пен кешiрiм жасау;
Полная версия

